Қазақ батырлары - Қазақ халқының тарихы, ұлы тұлғалар, батыр, хандар - Қазақ халқының тарихы, салт-дәстүрі, тілі, ұлы тұлғалар. - Қазақ халқының тарихы, хандары, салт-дәстүрі. күй, жыры
Главная » Статьи » Қазақ халқының тарихы, ұлы тұлғалар, батыр, хандар » Қазақ батырлары [ Добавить статью ]

В категории материалов: 5
Показано материалов: 1-5
Страницы: 1

Сортировать по: Уақытынан · Атынан · Рейтингінен · Коментарилерден · Көрсетілім санынан
  Тайманұлы Исатай (1791-1838) Бөкей ордасы мен Кіші жүздің батыс бөлігінде болған азаттық көтерілістің басшысы, халық батыры. Кіші жүз Байұлының Беріш руынан. Жоңғар шапқыншылығы кезінде атағы шыққан Ағатай батырдың ұрпағы. Ел ісіне ерте араласқан Исатайдың кемелденуіне қайын ағасы Жабай Бегалиннің көп көмегі тиді. Ол кісі орысша оқыған, әжептеуір сауаты бар адам болған, старшын қызметін атқарған. Толығырақ
Қазақ батырлары | Көрсетілді: 3057 | Қосқан: Filosof | Күні: 30.01.2011 | Комментарии (0)

Наурызбай батыр

(1706-1781)

 Құттымбет (Құтпанбет) ұлы Наурызбай (1706-1781) жоңғар басқыншыларына қарсы күресте аты шыққан атақты батырлардың бірі, белгілі қолбасшы. Шыққан тегі Ұлы жүздің Шапырашты тайпасының Асыл руынан. Мекені Алматы қаласы маңындағы Жалпақтөс, Серіктас деген жерлер.

 Ел басына түскен ауыртпалық өзге замандастары сияқты Наурызбайды да ерте есейтеді. Оның ересектер қатарына қосылуына нар тұлғалы алып денесі де септігін тигізген сияқты. Халық жадында оның «Торы ала тұлпарды, түйе тұрпатты» батыр бейнесінде қалуы да содан.

 Наурызбайдың өмірі жоңғарларға қарсы күресте өтеді. Ол атақты Аңырақай шайқасына қатысып, жиырма үш жасында қалмақ батырлары Шамалхан мен Қаскелеңді жекпе жекте өлтіріп, батыр атанады. Батырдың ерлігіне риза болған елі: «Наурызбайдың екпіні таудан асқан тасқындай. Қалмақты қойдай қырады, оттан судан тартынбай. Тор ала тұлпар астында, шойын шоқпар қолында. Түйе тұрпатты тұтқыр ер, оңды солды ұрады» деп, оның атын жырға қосып, мақтан тұтады.Толығырақ

Қазақ батырлары | Көрсетілді: 2784 | Қосқан: Filosof | Күні: 30.01.2011 | Комментарии (1)

 Бөгенбай батыр (1680-1778) - Қазақ жауынгерлері арасында зор беделге ие болған, сондықтан оны халық Қанжығалы Бөгенбай деп атап кеткен. Сырдария өзенінің жағасында дүниге келіпті. Оның атасы – Әлдекүн, әкесі Ақша қанжығалы руы ішінде белгілі адамдар болған. Әз Тәуке хан оның әкесіне 80 мың сарбаздардан тұратын әскерге қолбасшы болуды сеніп тапсырған. Ол сонымен қатар, өнерлі адам болған. Ұсталық өнермен айналысып, соғыс қару-жарақтарын жасаған. Бойында ақындық, айтыскерлік өнері болған. Әкесінің өнері баласына дарыған. Бала кезінен қазақ даласының шешендік өнерін бойына сіңіріп өскен ол жігіт шағында ауылдарға барып, ру арасындағы дауларды шешіп, билердің құрылтайларына қатысқан. Өзіне жақын адамдардан отряд құрып, кейін елде «Қанжығалының қырық батыры» деп аталып кеткен. Толығырақ 
Қазақ батырлары | Көрсетілді: 4430 | Қосқан: Filosof | Күні: 23.01.2011 | Комментарии (10)

  Райымбек Түкеұлы (1705-1785) – жоңғар басқыншыларына қарсы шайқастарда атамекенін жаудан азат еткен батыр әрі әулие, қолбасшы. Батыр қазіргі Алматы облысында туған. Ұлы жүз Албан ішіндегі Алжан руының Сырымбет тармағынан. Атасы Хангелді батыр 18-ші ғасырдың 1-ші жартысында жоңғарларға қарсы күресте аты шығып, 1733 жылы Төле, Қодар билер, Сатай, Бөлек батырлармен бірге Ұлы жүз қазақтары атынан орыс патшайымы Анна Иоановнаға елші жіберген. Райымбек 17 жасында жоңғар басқыншыларына қарсы күресте ерлік көрсетіп, батыр атанған. Қалмақтың Бадам, Қорын, Ағанас, Секер, т.б. хан, ноян батырларын жекпе-жекте жеңіп, Қаратау өңірі мен Жетісуды жаудан азат етуге басшылық жасағандардың бірі болған. Торайғыр және Сөгеті таулары аралығындағы «Ойрантөбе» деген жерде өткен шайқаста ерекше көзге түскен. Толығырақ
Қазақ батырлары | Көрсетілді: 5561 | Қосқан: Filosof | Күні: 23.01.2011 | Комментарии (4)

  Қабанбай Қожақұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз (1692-1770) – қазақ батыры, жоңғарларға қарсы азаттық соғыстың даңқты қаһармандарының бірі. Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында туған. Азан шақырып қойылған есімі ? Ерасыл. Найман тайпасы ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан шыққан. Қабанбайдың жеті жасында әкесі Қожақұл батыр жау қолынан қаза тауып, артынан Есенаман, Есенбай, Ерасыл атты үш ұл қалған. Он алты жасында ағасы Есенбай жоңғар барымташылары қолынан қаза тапқан. Ағасы Есенбайдың кегін алу үшін іргелес Тоқта тауын жайлаған қалмақ күреніне жалғыз өзі аттанып, құныкер Өлжа жырғал ноянды қапысын тауып өлтірген. Міне сол күннен бастап қазақ жері қашан жаудан тазарғанша қылышын қынабына салмаған.Толығырақ
Қазақ батырлары | Көрсетілді: 2845 | Қосқан: Filosof | Күні: 23.01.2011 | Комментарии (1)

1-5
Категории раздела
Это интересно
Статистика

Қазір сайтта: 0
Қонақтар: 0
Қолданушылар: 0
Форма входа