Главная » Статьи » Қазақ халқының тарихы, ұлы тұлғалар, батыр, хандар » Қазақ хандары [ Добавить статью ]

Тәуке хан

Әз Тәуке хан.

(1626-1718)

 Әз-Тәуке хан немесе Мұхамед Батырхан деп те аталады, Салқам Жәңгір атанған Жәңгір ханның ұлы. Тәуке хан тұсында Қазақ хандығы саяси жағынан нығайған және бір орталыққа бағынған үлкен мемлекет болды. Оны Тәуке ханның үш жүзге және Қырғыз бен Қарақалпаққа билігі жүргенінен де көреміз. Оны Тәке хан тұсында Сыр бойында Қазақтың 32 қаласы болғанынан да көріге болады. Қысқы Ордасын Тәуке Хан Түркістан қаласына орналастырды. Жазғы Ордасы қазіргі Астана қаласына таяу жерде, қазіргі Астанадан 10 шақырым жерде болған. Халық зердесінде қалған аңыздар бойынша да Тәуке хан билік жүргізген заман ең бір өркендеген алтын ғасыр ретінде қалды. Тәуке ханның билік құру кезеңі 1780-1718 жылдар. Яғни, қазақ даласында отыз жылға жуық хандық  билік құрған.  

Тәуке ханның басты еңбегі – Қазақ хандығының ішкі саяси ахуалын оңалту жолындағы еңбегі. Ол өзіне дейінгі «Есім ханның ескі жолы», «Хақназардың хақ жолы», «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталған әдет ғұрып нормаларына сүйене отырып, «Тәукенің Жеті Жарғысы» аталған заңдар жинағын қабылдаған. Ал хандықты билеуде негізінен әр жүздің билеріне арқа сүйежі, яғни бұрынғыдай Төрелер мен Қожалардың шекіз билігінің орнына қазақтың өзінен шыққан данагөй ақсақалдарға арқа сүйеді. Соның ішінде «Әз-Тәукенің бес биі» атанған бес данышпанның атақ-даңқы бізге жетті: Ұлы жүзде – Үйсін Төле би, Орта Жүзде – Қаз дауысты Қазыбек, Кіші жүзде Алшын Әйтеке би және Қарақалпақта – Сасық би мен Қырғыздағы Қоқым билер ел басқару ісіне араласып, халықтың сөзін жеткізіп отырды. Тарих дерегі де сол кезде Тәукенің қасында Ұлы жүз Әлібекұлы Төле, Орта жүз Келдібекұлы Қазыбек, Кіші жүз Байбекұлы Әйтеке, қырғыз Қарашораұлы Көкім, қарақалпақ Сасық би, қатаған Жайма секілді халықтың ішінен уақыттың өзі екшеп шығарған, даналық сөзімен, әділетті ісімен, қара қылды қақ жарған тура билігімен аттары бұл күнде аңызға айналған атақты билердің болғанын айтады.

         Сонымен қатар ол сыртқы жағдайды да тұрақты ұстай білді. 1678 жылы ол Бұхар хандығынан елшілерді қабылдаса, 1686-1693 жылдар аралығында Тәуке Ресейге бес рет елшілік аттандырып, көршілік, достық қарым қатынасты сақтау туралы бітімдер жасасқан. Соның ішінде оның 1994 жылғы Қазан айында жаздырған хаты бізге дейін сақталған. Бұл кезде Қазақ хандығының көршілерімен терезесі тең мемлеет болғанын көре аламыз.

         Тәуке ханның заманында оның саясатына сәкес тыныштық пен бейбітшілік орнады, дегенмен жаугершілік заманда, ел басына күн туған сәттерде ол өзінің қолбасшылық дарыны мен батырлығын да таныта білді. 1689 және 1702 жылдардағы ойрат-жоңғарларға жасалған жорықтар, сондан кейін 1711, 1712, 1714 жылдардағы жоңғарлардың қазақ даласына үш рет баса көктей басып кірулерін тоқтату арқылы ол кісі көшпенділер даласында Батырхан атағына ие болған.        

Соның ішінде Тәуке хан халық жадында күні бүгінге дейін асқан кеңмеңгер, дана ақыл иесі ретінде де сипатталады. Соған орай ол кісінің есіміне Әз (данышпан)  сөзін жалғап, Әз-Тәуке деп атайды. Халықтан «Әз» атағын иемденген Қазақта тек екі хан болған - Әз-Жәнібек және Әз-Тәуке хандар. Соның ішіенде Әз-Жәнібек Алтын Орданың ханы болса, Әз-Тәуке Қазақ Ордасының ханы.   

Жәңгірұлы Тәуке хан (1626-1718) – Қазақ хандығының ханы, Салқам Жәңгір ханның баласы. Шешесі – қалмақтың хошоуыт тайпасының билеушісі Кунделен-тайшының қызы. Мұрагерлік жолмен Қазақ хандығының билік тізгінін қолға алған кезде (1680ж.) Тәуке ел ағасы жасына келіп ақыл тоқтатқан, мемлекет ісіне араласып, мол тәжірибе жинақтаған білікті жан болатын. Сондықтан да ол таққа отырып, әке ісін алға жалғап, оның саясатын жүргізгенімен, оны жүзеге асыруға келгенде бұрынғы сүрлеумен кетпей, өзіндік жаңа жолмен жүрді. Тәукені өзге қазақ хандарынан ерекшелеп, оның шын мәнінде көреген басшы, ақылды реформатор екенін танытанын қасиеті де осы өзіндік жолмен жүруінде. Бұл ретте ол ұлы бабасы Қасым ханға қарай бейімделеді.  

Тәуке ханның елі үшін сіңірген ерен еңбегі екі қырымен айрықша назар аударады. Бірі – елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, анталаған көп дұшпанға бел аудырмағаны. Екіншісі – елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси-құқықтық тәртіпті орнатуы. Ол төңірегіне топтан торай шалдырмайтын, сыртқа сыңар сабақ жіп алдырмайтын, бір ауыз сөзімен жұртты жатқызып - өргізетін, беделімен елдің бірлік-берекесін кіргізетін ақыл иелерін жинап, халқын солар арқылы басқарды, ақыл-ой, парасат үстемдігін орнатты. Осындай алыптардың замана тынысын тамыршыдай тап басып танып, халықтың басын қосып, елдің бірлік – берекесін кетірер ішкі дау – жанжалды, барымта – сырымтаны тиып, елді ынтымақта ұстау мақсатында ой тоғыстырып, бір бағытта игілікті іс-қимыл жасау арқасында Қазақ хандығының жағдайы күрт жақсарып, сыртқа айбарын асырды. Жұрт ерді ел қолдаса - береке, ханды ел қолдаса мереке екенін көрді. Сол себепті де Тәуке хан ел билеген кез - халық есінде « қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» тыныш берекелі заман болып қалды.

 

Бірақ, бұл, әрине ол кезде ешқандай шапқыншылық болған жоқ, бірыңғай бейбіт күн туып, қазақ халқы сыртқы жаудан қаймықпай алаңсыз ғұмыр кешті дегенді білдірмесе керек. Керісінше, Тәукенің кезінде қалмақтармен қақтығыс жиілей түспесе, кеміген жоқ. Сонау 1681 жылғы қалмақтың қоңтайшысы Галдан Бошоктудың қалың қолмен Шу өзенінің бойына жетіп, Сайрам қаласын қоршағаннан басталған шабуылдар легі кейін оның немересі Цеван Рабтан билік басына келген кезде де толастаған емес. Ұсақ қақтығыстарды есептемегеннің өзінде 1711-1712, 1714, 1717 жылдары қазақ пен қалмақ арасында ірі соғыстардың болғаны белгілі. Бұл арада мәселе елдің өз ішінде тыныштық орнауында, халық арасында ырыс қазығы - ынтымақтың берік қағылып, ағайынаралық алауыздықтың жойылуында, осыған ұйытқы болған ел басшысының төңірегіне халықтың ақыл-ойының жоғары көтеруінде. Сондықтан тарихшылар Тәукені «Қазақ ордасының Ликургі» деп бағалайды. «Ликург» деген бір кезде ежелгі Грекияда көне Спартаның ақылгөй Заңгері болған, сондықтан ақылды, көреген қайраткерлердің бәрін Еуропалық ғалымдардың «Ликург» деп атауы қалыптасып кеткен. Тәуке ханды бұлай сипаттаған кейінгі зерттеуші Еуропалық ғалымдар.

Тәуке ханның тұсында тұрақты мемлекеттік органдар: хан кеңесі, билер кеңесі жұмыс істеп, жыл сайын үш жүздің шонжарларының съезін өткізу қалыптасты. Тарихқа «Жеті жарғы» деген атпен енген Тәуке ханның заңдарын зерттеушілер қазақтардың бұған дейінгі қолданылып келген әдеттегі құқық нормаларының бір жүйеге келтіріліп, толықтырылған нұсқасы деп қабылдайды.

 XVІІІ ғасырда Есіл өзеннің жібек шалғынды көкорай жағасындағы Күйгенжарда (Астана қаласынан 10 шақырым жерде) атақты Салқам Жәңгірдің баласы Әз Тәуке ханның ордасы қоныстанған. Себебі, жоңғарлардың тегеуірінді бір шабуылы Түркістанды уақытша амалсыз қалдыруға мәжбүрледі. Сарыарқаның айтулы сайыпқырандары мен сайраған әділетті билері қанжығалы қарт Бөгенбай, қаракерей Қабанбай, Шақшақұлы Жәнібек, бәсентиін Малайсары, қыпшақ Қошқарбай, қаз дауысты Қазыбек би, Бұқар жыраулармен ел тағдыры мен жер тағдырын ойлап кездесуге мейлінше қолайлы жер еді.

Қан кешуде болашағын болжағыш көреген, кемел ойлы Әз Тәуке хан дала даналары үйсін Төле би, алшын Әйтеке би, қаз дауысты Қазыбек билермен ақылдасып, қазақ елінің құқықтық-конституциялық құжаты "Жеті жарғыны” дүниеге әкелді. Кейін қазақтың Сәмеке ханы Қоқан мен Бұқараның үздік шебер құрылысшыларын жинап әкесі Тәуке хан зираты қасында Есілдің шұрайлы жерінде қала соққан дейтін аңыз бар. (Ақмола округінің ең соңғы аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы Сәмекенің немересі, Тәуке ханның тікелей ұрпағы). Туған елінің ой-тілегінен шыққан Тәуке ұрпақтарының бірі Абылай еді. Ол осы ата жолынмен  қырық сегіз жыл  Сарыарқа төрінде отырып  қуатты мемлекет құрды.

1718 жылы қазақтын барлық үш жүзіне билігі толық тараған қазақ хандарының сонғысы Тәуке қайтыс болды. Тәуке ханның тұсында қазақ хандығы бір орталыққа бағанған мемлекет еді.
Тәуке хан билік құрып тұрған кезінде қазақтардынәдеттегі құқық нормалары бір жүйеге келтіріп, толықтырады. Тұжырымдалған зандар « Жеті жарғы» деген атпен мәлім, мұның өзі сөзбе-сөз алғанда « жіті ереже» деген сөз.Жеті жарғыға әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық құқық нориалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жақтары қамтылған.
Әкімшілік –құқық нормалары мен қылмысты іс құқығы. Жеті жарғы бойынша, жоғарғы билік ханның қолында шығарлануға тиіс болды. Зандардын жекелеген баптарына қарағанда, хан жоғары судья болған, ол қылмысы және теріс қылықтары үшін соттап, жазаға тартқан, шығымдары қараған, салық салу тәртібін белгілеген.
Жасаған қылмыстары үшін кінәлілер түрлі жазаларға тартылған. Жеті жарғыда « қанға қанмен, мертіктірсе мертіктірумен кек қайтару» заңы сақталады. Бірақ билердін үкімі бойынша немесе талапкерлердің келісуі бойынша жаза жеңілдетілетін болған, мұндайда қылмыскер кез келген қылмысы үшін тек қана белгіленгн құн төлеп жазаланатын.
Жазалаудын ең көп тараған түрі құн төлеу болған. Талапкерлердің келісіу бойынша, тіпті кісі өлтірген адамдар да құн төлеу арқылы өмірін сақтап қала алған. Қылмыскердің жіне өлген адамның ( атақты адам-кедей адам, мырза –құл) әлеуметік тегіне байланысты құн мөлшелерін өзгеріп отыруы Жеті жарғынын таптық сипатық дәлелдейді.
Отбасы-неке қатынастары саласында ата-анасының өз балаларының өміріне құқығы орнықтырылып, әйелдер тең құқықсыздақ жағдайы нығайтыла түскен.
Мұрагерлік құқық мәселерінде Жеті жарғы, сірә, әдеттері құқық нормаларын баянды еткен сияқты. Баласы жоқ бөлек тұрған ұлы қайтыс болса, оның мал-мүлкі әкесіне берілетін болды. Ата-анасы қайтыс болса, жас балалары ең жақын туыстарының, алондай туыстары болмаған жағдайда « бөгде сенімді адамдардың» қамқорлығына берілетін болған.
Сот. Соттау құқығы тек ханның, билер мен рубасаларын қолында ғана болды: «Дауды шешу және кінәлі адамға үкім шығару ханның өзі болмаса, талапкер мен жауапкер тұратын ауылдардын билеушілерін не ақсақалдырдан қолына болып, істі қарауға екі жақтан да сайланған арада жүруші тағы да екі адам шақырылуға тиіс.
Жеті жарғының біздің заманымызға дейін жеткен мәтіні мазмұнының жалпы сипаты осындай. Тәуке хан « Ережесінің» жалпы бағыты-қазықтын феодалдық жоғары тобының артықшылық жағдайларын, оның саяси үстемдігін қорғау, феодалдық меншікті және патриарғатық әулетте үстем болған тәртіптерді қорғау, мұсылман дінін қолдау. Феодалдық құқытары бұзған әрбір адамға қатан жазаға ұшырау қауыпі төнген.
Осы заңдарға қосымша Тәуке ханның мынадай есе қаларлық баптары өосылуға тиіс:
- "Ханың, өзі сондайақ барлық сүлтандар, олардың ақсақалдары мен билеушілері халық істерін талқылау ұшін қүзде ортадағы бір жерге жиналып отырсын.
- Бірде – бір қазақ халық жиналысына қару – жарақсыз келмейтін болсын. Қарусыз адамның даусы болмаған және оған сасы кішілер орын бермеген.
- Қару ұстап жүре алатын кез келген адам хан мен билеушілерге жыл сайын мал – мүлкінің 20 дан бір болігін алымға төлеп отыратын болсын.
- Әр бір тармақтың, румен бөлімшенің өз таңбасы болсын. Таңбалар сол кезде – ақ үлестіріліп, бұкіл мал – мүліктің кімдікі екенін ашырату ұшін олардың бәріне таңба салауға міндетелген"

Дереккөзі: Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 8 том
Категория: Қазақ хандары | Добавил: Filosof (30.01.2011)
Просмотров: 6534 | Комментарии: 2 | Теги: Тәуке хан туралы реферат, бесплатно реферат на тему Тәуке хан, Тәуке хан туралы рефера, Тәуке хан | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Albina  
0
хД))))

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Категории раздела
Это интересно
Статистика

Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Форма входа